KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Көзі тірісінде 15 жыл бойы "өлілер" қатарында болған қарт табылды

8.11.2012, 18:00 64


Алматыда 15 жылдан бері өлілер қатарында болған қария табылды. 64 жастағы зейнеткердің қолында "өзінің өлі екенін" айғақтайтын құжаттан басқа дымы жоқ. О дүниеден оралған Петр Косяченконың қазіргі бары да, көрер қызығы да Алматыдағы әлеуметтік бейімдеу орталығында өтіп жатыр. 15 жыл бұрын отбасындағы кикілжіңнен кейін ізім-ғайып жоғалған оны қазір туған балалары да қабылдамайды.

Расында, Петр Косяченко 1997 жылы жүрек қан тамырларының қысылуынан мерт болған. Абырой болғанда, тек қағаз жүзінде. Сондықтан, зейнеткерді тірідей өлтірген жанұясынан көңілі қалыпты. Жанарынан өмірге деген құлшыныс байқалмайды. Не үйіне оралып, не қартайғанда немере сүюге де зауқы жоқ. Тек соңғы арманы- қалған ғұмырын әпкесіне масыл болмай, зейнетақысымен күн көру. Бірақ, ешбір құжаты жоқ қарияға бұл мәселе қиынға соғары сөзсіз.

- Бұл сонда қалай болғаны? Тірі адамды өлі деуге, - дейді Петр Косяченко. - Сол үшін зейнетақымды ала алмай отырмын. Шымкентте жүріп, құжаттарымды рәсімдейін десем Алматыдан қайтыс болғаным туралы куәлік келді.

Тірі адамды өліге балаған отбасыны түсінуге болады. Себебі, із-түссіз жоғалған әкелерін жылдап күтіпті. Ал алыс жолға шыққан Петр Косяченко Оңтүстік Қазақстан облысында бұзақыларға ұрынып, барынан айырылған. Салдарынан, аталмыш аймақта біразға дейін көше кезіп, қаңғыбастар үйінен бір-ақ шығады. Айтуынша, тіпті жалданып қой баққан күндері де болған. Содан хабарсыз кеткен әкені енді ешкімнің қабылдағысы жоқ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив