KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да білікті де білімді қызметкерлер анықталды

7.11.2012, 18:00 82


Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінде жеке құрамды кезектен тыс аттестациялау науқаны аяқталды. Облыс бойынша ішкі істер органдарының 4649 қызметкері кезектен тыс аттестацияға қатысып, олардың 4241-і атқарып отырған қызметтік міндетіне сай деп танылды, деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп Аltaynews.kz тілшісі. Қырық бес қызметкер жоғары лауазымға лайық деп танылып, кадрлық резервке алынды. 82 қызметкер қызметтік міндетіне сай еместігі анықталып, қызметі төмендетілді. Атқарып жүрген қызметтік міндетіне сай емес 170 полиция қызметкері басқа қызметке ауыстырылды. Кезектен тыс сынақтың қортындысы бойынша аттестациядан өте алмаған 111 қызметкер ішкі істер органдарынан аластатылды.

Кезектен тыс аттестацияның қортындысына қарасақ, департамент басшыларына күтпеген жағдай алып келмеді. Көп жылдан бергі тәжірибе көрсеткендей, алда тұрған аттестацияға толық дайындалған қызметкерлер жақсы нәтижеге қол жеткізді. Ал арнайы өткізілетін жауынгерлік-қызметтік дайындық сабағы мен атыс даярлығына және дене шынықтыру сабақтарына тұрақты қатыспаған, ескерту алған қызметкерлер төмен нәтиже көрсетті. Осыған байланысты күні кеше ғана Кадр жұмысы басқармасына кемшіліктің орнын толтырып, жеке құрамның дайындығын жақсартуға байланысты жұмыс жоспары құрылды.
Күнделікті қызмет барысында жеке құрам арасында жақсы нәтиже көрсетумен қатар, аяқ асты орын алып жататын қылмыстық жағдайларда өзін нағыз қызметкер ретінде көрсеткен сақшылар аз емес.

Мәселен, Өскемен қаласындағы азық-түлік дүкендерінің бірінің сатушысын қорқытып тонап жатқанын көрген полиция капитаны Сұңғат Қабдықанов жедел әрекет ету арқылы қарақшыны қолға түсіріп, орын алған қылмыстың ізі суымай ашылды. Өскемен қаласы батальонының патрулдік-бекет қызметінің қызметкерлері Жанат Қырықпайұлы мен Ерболат Самарханов жер үйлердің бірінде болып жатқан өртті байқап, арнайы экипажды шақырып, өздері жанып жатқан үйдің ішіне кірген. Жедел қимылдаған полиция сержанттарының арқасында екі үлкен адамды құтқарып, ес-түссіз жатқан 9 жастағы қыз баланы жалын арасынан алып шықты. Тағы бір оқиғаны айта кетсек, Өскемен қаласы ішкі істер басқармасының жедел уәкілі Арман Смағұлов мұз үстінде велосипед теуіп жүрген баланың суға кетіп бара жатқанын көріп, ажал аузынан аман алып қалды.

Ішкі істер органдарының алдағы атқаратын жұмысының сапалы болып жаңаруына да үлкен әсер етпек. Яғни, кезектен тыс өткен аттестация қылмыспен күресте және қоғамдық тәртіпті сақтауда ІІО-ның әрбір погон таққан қызметкерінің қызметіне сай, білімді әрі психологиялық ұстамды және рухының мықты болуымен мемлекетіміздің патриотты азаматтарын анықтады.

Мәлімет көзі: Жанболат Қалетаев,
Аltaynews.kz






Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив