KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Суықтан қалай қорғануға болады?

7.11.2012, 18:00 452


-Соңғы күндері өңірімізге қар түсіп, күн суытып кетті. Қылышын сүйретіп қыс та келіп жетеді біраздан соң. Сіздер сайтта осы маусымда суықтан қорғану туралы мәлімет берсеңіздер екен.

Шынар Халықова
Өскемен.

Бұл сұраққа биология ғылымының кандидаты Гүлназ Есімбекқызы жауап береді:
– Суықта бұлшық ет арқылы адам жылу өндірсе, ағзадағы май сол бөлінген жылуды сақтап қалады. Сондықтан қыс мезгілі диета ұстайтын уақыт емес. Аязды күндері денені қыздыратын пияз, сарымсақ сынды тағамдарды көбірек жеген жөн. Ал кофе, ішімдік және темекі қан айналымын баяулатып, адам бойындағы жылуынан айырылады. Оның орнына ыстық шай ішкен дұрыс.

Тоңған кезде ашу шақырмаңыз. Себебі, адам ашуланған кезде адреналин гормоны көбейіп, қан айналысына кері әсерін тигізеді. Қатты тоңып, оның үстіне ашулансаңыз үсікке біршама жақындайсыз. Одан гөрі көбірек қимылдауға тырысыңыз.
Жылы киім, әрине, жы-лынудың таптырмас құралы. Бірақ, қабаттанып киінудің еш қажеті жоқ. Бар болғаны ішіне мамық салынған куртка кисеңіз болады. Назар аударатын жәйт, ол куртканың арасында ауаның болуын қадағалау керек. Тек сол ауа ғана денедегі жылуды сақтауға көмектеседі.

Тоңу ағзаға су жетіспеуінен де болуы мүмкін. Егер су жетіспесе онда ағзамыз су қорын үнемдеуге энергия бөле бастайды, бұл сәйкесінше қан айналымын баяулатады. Сондықтан, суық күндері мейлінше екі литр сұйықтық ішу керек. Су бүйрек қызметінің артуына көмектеседі де ағзада зат алмасу процесі тез жүреді. Зат алмасу артса, қан айналу жоғарылайды да дене температурасы қызады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив