KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

«Кеше қар жауып тұрса, бүгін шыбын ұшып жүр»

7.11.2012, 18:00 174


Саржал ауылының тұрғыны, орақ тілді, адуын мінезді Жүніс Мүсәпіров марқұм қазақ сахарасындағы сал-серілердің соңғы бір тұяғы Тәуке батырдың тікелей ұрпағы болатын.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдардың басында осы Жүкең іргелі ауылда алғашқылардың бірі болып теледидар сатып алады. Ол кезде ауылда бүгінгідей телемұнараның жоқ кезі. Сол себепті бұл кісі де басқалар секілді құрыққа сырық жалғап әбден әуреге түспей ме! Бірақ, өкінішке қарай, еңбегі еш болып, экраннан жанды бейне қылаң бермей теледидары быжылдап тұрып алыпты. Сол шақта көршісі Төлеуғазы келіп, теледидар не көрсетіп жатқанын сұрамай ма. Сонда Жүкең:
- Кеше жапалақтап жауып тұрған қарды, ал бүгін қаптап ұшып жүрген шыбынды тамашалап отырмын, - депті.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив