KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

«Түсіріп бергендерің сегіз қырлы, сегіз түрлі шөп»

7.11.2012, 18:00 211


Кезінде Саржал ауылындағы үлкен кеңшарды республика Жоғары Кеңесінің депутаты болған Кәбір Қайырханов деген білікті басқарып тұрды. Сол кісі жеке шаруаның жай-күйін білгісі , әлде от ауыз, орақ тілді Жүкеңді сөйлеткісі келе ме, бұдан қысқа дайындығын, қорасына шөп түсірген, түсірмегенін сұрастыра бастайды.
- Иә, түсірдім, бірақ оным сегіз қырлы, сегіз түрлі болып тұр ғой, - дейді бұл.
Бұл жауапқа таңданып қалған басшы ақсақалға сөздің мәнісін түсінбей тұрғанын аңдатады. Сонда бұл:
- Оны сегіз қырлы дейтінім сол, мұның шөп тайлағыш пресс деген пәлеңнің артынан түсіп жататын буылған шөп. Ал сегіз түрлі болатын себебі оның арасында ши, шілік, шеңгел, қараған, тобылғы, тіпті қаңбақ, қурайға дейін бар, - деген екен.
Сөз түсінетін іскер басшы ертесінде-ақ Жүкеңе бір мәшина көк шөп түсіріп беріпті.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив