KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Шарда жаңа мешіт ашылды

1.11.2012, 18:00 94


Әлемнің 1,5 миллиардтан астам мұсылмандары тойлаған Құрбан айт мерекесін Жарма ауданыда Шар қаласының тұрғындары жаңа мешітте қарсы алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қаланың бұрынғы тұрғыны, қазіргі уақытта Семей қаласында тұратын Теңлік Жақсыбекқызы ата-анасының түтінін түтеткен қара шаңырақтың орнына жаңа ғибадат үйін салуды жөн көрсе керек.

Игілікті істің басына жиылған жұртшылық ішінен Орынғазы Тұрсынбаев туған жеріне көңіл бөліп, қол ұшын созып жатқан жерлесіне шексіз ризашылығын білдіре келе, көше тұрғындары атынан жаңа имандылық үйіне сыйлығын ұсынды.

Жүрекжарды құттықтаулардан кейін ҚМДБ-ның Семей өңіріндегі өкіл имамы Ержан қажы Малғажыұлы, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлыбек Есполов және қаланың ақсақалдары атынан Қалел Рахымбаев жаңа мешіттің лентасын қиды. Мешіттің сырт келбеті секілді іші де келісті, әрі мұнда келушілерге барлық жағдай жасалған. Салтанатты шараға қатысқан көпшілікке қарап, «Жақсыбек» мешітіне келушілердің де қатары аз болмасын байқадық.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив