KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Шұжық шығаратын зауыт Өскемен қаласында салынады

20.09.2012, 18:00 153


Өскемен құс фабрикасы алдағы уақытта бірқатар ауқымды жобаларды іске асырмақшы. Солардың алғашқысы Алматы облысында тауық шығаратын зауыт болса, екіншісі өзіміздің өңірде бой көтеретін шұжық және деликатес өнімдерін өндіретін кәсіпорын, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Айта кетейік, біздің облыстан еліміздің басқа аймақтарына жылына жүз мың тоннадан астам тауық еті жөнелтіледі. Олардың басым бөлігі оңтүстік өңірлерге таралады екен. Сол себепті өскемендік мамандар өндіріс қуаты жылына 50 мың тоннаға жететін зауытты Алматы облысында салуды көздеп отыр.

Дегенмен, Өскемендегі Самар тас жолының бойында шұжық пен деликатестің 150 түрін шығаратын ет өңдеуші зауыттың құрылысын бастамақ. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап бұл зауыт алғашқы өнімдерімен жерлестерін қуантпақ. Аталған кәсіпорында тәулігіне 30 тонна дайын өнім шығарылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив