KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

RADIO ALTAY жаңалықтары - 06 қыркүйек 2012 жыл

4.09.2012, 18:00 167


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Бүгін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Глубокое ауданында, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, аграрлық мәселелерге арналған семинар өткізді. Алдымен облыс әкімі Глубокое ауылындағы салынып жатқан аудандық аурухананың құрылысымен танысты. Аурухана ағымдағы жылдың соңында аяқталып, толығымен қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің интерактивті дәрісін шығысқазақстандық оқушылармен бірге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев №44 мектепте тікелей желіде тыңдады. Соңынан дәріс туралы ойын ортаға салды.

Кеше Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен кеңейтілген аппарат жиыны өтті. Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Парламентінің қос палата отырысында жүктеген басты міндеттері, оның өңірде жүзеге асырылуы барысы талқыланды.

Биылғы 18 маусымда Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараны тастап кеткен 11 сарбаз жәбірленуші деп танылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл туралы бүгін Бас әскери прокуратураның аға әскери прокуроры Жеңіс Темеков мәлім етті.


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Семейдегі Достық үйінде өзбек халқының этно-мәдени орталығы ашылды. Тұсаукесерге Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Еркінбек Аязбаев қатысты. Ол тағы бір мәдени бірлестіктің жұмыс жасауымен құттықтап, орталықтың ресми түрде ашты.
Астанадағы Назарбаев Университетінде Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тікелей қатысуымен өткен «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дәрісті Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың қауымы бірге отырып тыңдады.
Аталмыш оқу орнының бас ғимаратында өткен шараға университет ректоры Нұрлан Темірбеков бастаған барлық мұғалімдер мен мыңға жуық студент қатысты.

Жаңа оқу жылы басталғанда Ақсуат орта мектебінің ұстаздары мен оқушыларын қуанышқа бөледі. ауыл түлегі, бүгінде Өскеменде тұратын кәсіпкер Санақбек Кітапбаев мектеп шеберханасына 80 мың теңгенің құрал-саймандарын тарту етті.

Үш шекті домбырада ойнау дәстүрін зерттеуші, насихаттаушы Нұргүл Әкімқожа аудан орталығы Қарауылдағы «Жастар үйінде» «Үш шекті домбыраға арналған күйлер» жинағының тұсаукесерін өткізіп, өзінің «Арнау» фольклорлық балалар ансамблімен «Аялаған домбырасын Абайдың» атты тегін концерт қойып берді.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив