KZ
Өскемен
переменная облачность жел 0,3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Ақойда 80 орындық білім ордасы есігін айқара ашты

3.09.2012, 18:00 164


Алғашқы оқу күні Ақой ауылында 80 орындық жаңа мектеп есігін оқушыларға айқара ашты. Білім ордасының ашылу салтанатына облыс Әкімінің орынбасары Айтқазы Шерубаев қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Құны 82 миллион теңге тұратын бұл оқу ордасы заманауи техникамен барынша қамтылған. Мультимедиалық кабинет, компьютер сыныбы мен интерактивті тақталар, кең де жарық спорт және акт залдары өркендердің сапалы білім алуына толық мүмкіндік береді.

Жаңа ғимараттың құрылысын А.Камалов басқаратын «Семпрофстрой» ЖШС сапалы әрі сәулетті етіп орындап шықты.

– Республика бойынша жаңа мектеп ғимараттары іске қосылып жатыр. Сіздердің көптен күткен мектептеріңіз де заман талабына сай салынып отыр.

Еліміздің барлық жеткен жетістіктері – Елбасы жүргізіп отырған сарабдал саясаттың жемісі. Өйткені, білімді балалар – ертеңгі елдің болашағы, – деді облыс Әкімінің орынбасары мектептің ашылу салтанатында.

Бұдан кейін облыс Әкімінің орынбасары аталмыш серіктестік директоры А.Камалов және еңбек ардагері М.Ершенов ақсақалмен бірге сәулетті ғимараттың лентасын қиып, символикалық кілтті мектеп директоры Т.Байдәулетовке табыстады.

– Мектептің ескі ғимараты 1962 жылы салынған. Енді, міне, 50 жылдан соң ауылымызда сәулетті мектеп бой көтерді. Ынтымақшыл ауылымызда әртүрлі ұлттардың өкілдері тұрады. Бәріміздің ортақ тілегіміз – бейбітшілік, достық, мейірімділік, туған жерге деген сүйіспеншілік. Мен Елбасына, облыс Әкіміне, аудан әкіміне аналық алғысымды білдіріп, істеріне береке тілеймін, – деді ашылу салтанатында шашу шашқан К.Омарғазина әжеміз қуанышын жасыра алмай.

Бұл күні игілікті істің басына келген мектеп түлектері де қарап қалған жоқ. Семей мемлекеттік медицина университетінің ғылым кандидаты, доцент, жоғары дәрежелі дәрігер Нұржанат Хайдарова отбасының атынан музыкалық орталық сыйласа, ауыл тұрғыны, кәсіпкер М.Сыдықов плазмалық теледидар тарту етті.
Бұл аралас мектепте биылғы жылы 72 бала білім алмақ. Онда шағын орталық, мектепке даярлық топтары да жұмыс істеуде.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив