KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

RADIO ALTAY жаңалықтары - 24 тамыз 2012 жыл

23.08.2012, 18:00 136


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Бүгін Облыс Әкімінің бірінші орынбасары Серік Әбденов Шығысқа іссапармен келген Словакияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Душан Подгорскиймен кездесті. Мәртебелі мейман шығыс өңіріне осымен екінші рет ат басын тіреп отыр. Осыдан бір жыл бұрын Семей қаласында болып қайтқан елші мырза бұл жолы облыспен кеңірек танысып, Словакия мен Шығыс Қазақстан арасындағы серіктестікті жаңа белеске көтеру үшін келгенін айтты.

«Жұлдызай» Корпоративтік қорының қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен облыстық білім басқармасы Өскемен қаласындағы «Металлургтер» саябағында ерекше қамқорлыққа мұқтажбалалар үшін «Мектепке жол» акциясын өткізді. Бұл күні «Металлургтер» саябағында әдемі әуен шырқалып, мерекені асыға тосқан балалар мен ата-аналарының қуанышы байқалды

Зырян ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істеуге ниет білдірген 20-ға жуық маманға, ағымдағы жылы көтерме жәрдемақы мен несие түрінде қолдау көрсетіледі.

Ағымдағы жылы Ұлан ауданы Айыртау ауылында «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында ауыл тұрғыны Қадыр Сағындықов жаңа мешіт салынғанға дейін өзінің жеке меншігіндегі бұрынғы автобекет ғимаратын мешіт ретінде қолдануға ұсынды.

Өскеменде олимпиадашылар аллеясы ашылады. Аталмыш аллея Ертістің сол жақ жағалауына салынады деп жоспарланып отырған спортышылар қалашығында орналаспақ.

Спорт қалашығында жеңіл атлетика манежі бой көтереді. Манежге Шығыстан шыққан алғашқы олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың есімі берілмек. Нақ сол жерде Жекпе-жек сарайы ашылады деп күтілуде.


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің еліміздегі Төтенше және Өкілетті елшісі Ибрахим Хасан Сайф мырзаны қабылдады,
Кездесу соңында облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Ибрахим Хасан Сайф мырзаға «Аттан түспеңіз. Еліңізге, халқыңызға қызмет ете беріңіз» деген ізгі тілекпен қазақтың ер-тоқымы мүсінделген кәдесыйды тарту етті.

Жуықта Үржар ауданына Семей қаласындағы өңірлік онкологиялық-диспансері директорының әдістемелік ұйымдастыру бойынша орынбасары Нұргүл Жұмықбаева басқарған дәрігер-мамандар барып халықты скринингтік тексеруден өткізді.

Көкпектідегі Романовка орта мектебінің оқушыларынан құралған «Толағай тентектері» КТК құрама командасы Семейде өткен облыс Әкімінің кубогына арналған республикалақ КТК ойындарынан олжалы оралды.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив