KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
478.54 533.76 5.17

«Толағай тентектері» жеңіспен оралды

22.08.2012, 18:00 270


Көкпектідегі Романовка орта мектебінің оқушыларынан құралған «Толағай тентектері» КТК құрама командасы Семейде өткен облыс Әкімінің кубогына арналған республикалақ КТК ойындарынан олжалы оралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Республикалық ойында жүзден жүйрік болып танылған Арал қаласының құрамасы бас бәйгені қанжығаларына байлаған болатын. Ал өзіміздің «Толағай тентектері» командасы жүлделі 2-ші орынды иеленіп, Семей қаласынан толағай табыспен оралды. Команданың жетекшісі Амангелді Қаусовтың айтуынша, команданың бағындырар биіктері әлі алда. Команда мүшелері жастардың өнерін қолдап жүрген аудан әкімі Дүйсенғазы Мусинге зор алғыстарын білдіреді. Естеріңізге сала кетейік, «Толағай тентектері» жуықта Астана қаласына өнер көрсетуге аттанады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив