KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Мал азығын артығымен дайындап жатыр

15.08.2012, 18:00 137


Биылғы жаздың ми қайнатар ыстығы мал азығын дайындаушыларға оңай болып отырған жоқ. Соған қарамастан Үржардағы Қарабұта ауылдық округіне қарасты 64 шаруа қожалығының барлығы дерлік өздеріне тиесілі шабындық алқаптарындағы шөпті қуратпай, сапасын жоғалтпай уақытында жинап алуға күштерін салып, бар мүмкіндікті пайдалануда.

Құсман Рамазанов басқаратын «Рамазан», Қуанышбек Әлденбековтің «Әлди-Назар», Бауыржан Бәбісековтің «Қуан», Талғат Омаровтың «Шынар», Төлеухан Оспановтың «Адай» шаруа қожалықтарының мүшелері жаз бойы шөптерін шауып, тайлап, қыстық мал қораларына жеткізіп жатыр. Өздерінде бар шалғы, тырма, шөмелеге салатын, тайлап байлайтын, тиеп, таситын техникаларының бәрін пайдалануда.

Мәселен, «Рамазан» шаруа қожалығы 7 мың, «Әлди-Назар» 6500, «Шынар» 320, «Қуан» 180, «Адай» 90 тонна шөп дайындады.

Елге оралған қандасымыз Жұмағазы ақсақалдың жұмысы қарқынды. Ол 14 отбасы мүшелерін біріктіріп, «Бірлік» атты шаруа қожалығына 400 гектар суармалы жерді меншіктеп, заңдастырып алған болатын. Қазір осы жердің игілігін көруде. Өздеріне шақтап картоп егіп, көкөніс өсіріп, мол өнім өндіріп отыр. Бүгінгі күнге дейін 300 тонна шөп да-йындап, қожалық мүшелерінің үйді-үйле-ріне түсіруде. Техниканың жетіспеушілігіне қарамастан қолында бар ЮМЗ тракторының тіркемесіне шөпті қолмен тиеп, тасып
жатыр.

– Екі қолға жұмыс табылса болды. Ең бастысы, еңбек ете білу керек, – дейді ол.

Еңбектің көзін тапқан жандардың қимылына қарап тұрып риза боласың.

Қарабұта ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарының күшімен белгіленген 7500 тоннаның қазір 7200 тоннасы дайындалды. Жұмыс аяқталған жоқ. Керісінше, қарқын алып келеді. Жаз күндерінің әр сәтін тиімді пайдаланған мал азығын дайындаушылар межелерін асыра орындауға бел буып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив