KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

RADIO ALTAY жаңалықтары - 15 тамыз 2012 жыл

14.08.2012, 18:00 89


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Жыл сайын оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, жүйелі жұмыстарды жүргізіп келе жатқан Қаратоғай орта мектебі Күршім ауданы көлемінде кеңінен таныла бастады. Биыл көктемде мұғалімдер мен оқушылар 1 мың түп таңғурай, 100 түп қарақат, 3 мың түп бүлдірген көшеттерін отырғызып, бір гектар алқапқа картоп, жарты гектарға жеміс, көкөніс өсіріп отыр. Бұған қоса 500 түп қара өрік өсіп тұр.

Зайсан қаласындағы Қуат Әбжанов басқаратын «СМУ-Шығыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кірпіш зауыты тәулігіне 16-18 мың дана кірпіш құйып шығаруда. Аудандағы тұрғын үй және басқа да құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан азаматтар тарапынан сұраныс мол. Сондай-ақ мұнда жасалған пластикалық терезелер де тез өтіп кетеді. Серіктестік кәсіпорнында тәулігіне 50-60 текше метр темір-бетон бұйымдары өндіріледі.

Шемонайха ауданындағы «Житница» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егістік алқабында тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Егіншілік саласына қажетті техникалар көрмесі ұйымдастырылды. Кәсіпкерлер жаңа техникалардың іс барысында қолдануылуын көріп, өнімділік артықшылықтарын білді.

Зырян ауданы Соловьево ауылының тұрғыны Валентина Рау тірек ауылдары бағдарламасы аясында несие алып, қоян өсіруге кірісіп кетті. Қазіргі уақытта 70 көжек сатып алып, өсіріп жатыр. Сондай-ақ қарамағындағы үш сиыры мен төрт бұзауының санын көбейтуді де ойластыруда.

Глубокое ауданы Черемшанка ауылында жеке кәсіпкер Сергей Зиновьев аралас тауарлар дүкенінің құрылысын қысқа мерзім ішінде салып бітірді. Жеке кәсіпкер бұл құрылысқа және дүкеннің жабдықтарын сатып алу үшін 11 миллион теңге жұмсаған. Енді екі миллион теңге қаражатын тауарлар мен басқа да жабдықтарға жұмсамақшы. Жаңа жұмыс орнына алты адам қабылданады.


Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы жердің пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын кәсіпорындардың қызметіне де тексеру жүргізді. Биыл жыл басынан бері жер заңнамасын бұзған 16 жер қойнауын пайдалану субьектісі жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 7 миллион теңге көмемінде әкімшілік айыппұлдар салынды.

Елімізде өткен жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «Сыбаға» бағдарламасы бойынша осы уақытқа дейін 918 миллион теңгеден астам несие беріліп, 152 шаруа қожалығы мен ауыл тұрғындары етті бағыттағы ірі қара сатып алды. Мал шаруашылығы жақсы дамыған Ұлан, Тарбағатай, Катонқарағай аудандары мен Семей қаласының шаруашылықтары несие алуда белсенділік танытып, асыл тұқымды мал санын көбейте түсуде.

Шығыс Қазақстан облысында тірек ауылдар мен шағын қалаларды дамыту жобаларының іске асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай атқарылар жұмыстар қатарында Семей қаласы мен Аягөз, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Зырян, Көкпекті, Күршім, Ұлан аудандарының 27 тірек ауылдарының бас жоспары жасалып, бекіту де қарастырылған. Ол үшін жергілікті бюджеттерден тиісті қаражаттар бөлінген.

Зайсан ауданындағы елді мекен тұрғындары алдағы қыраулы қыстан қысылмай шығу үшін жемшөп қорын молынан дайындап алудың қамына кірісті. Биылғы жоспарланған меже-125 мың тонна ірі сабақты мал азығын дайындау. Қазіргі уақытта жоспардың 79 пайызы орындалып, 99 мың тонна мал азығы дайындалды.

Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны Нұржан Шпекбаев Алматы қаласында өткен ХV халықаралық жартылай марафонның қола жүлдегері атанды Шалғай ауылдағы 43 жасар азамат келесі жылы өтетін халықаралық жартылай марафонға қатысу сертификатын да иеленді.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив