KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

«Өскемен - Рахман қайнары» тас жолындағы апатта 4 адам қайтыс болды

9.08.2012, 18:00 95


«Өскемен - Рахман қайнары» жеңіл және жүк көліктерінің соқтығысу салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

9 тамыз күні «Өскемен - Рахман қайнары» тас жолында «Тойота» мен қытайлық өндірістен шыққан жүк көлігі соқтығысып қалды, - дейді ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі жүргізуші және «Тойотаның» 1975 және 1968 жылғы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Бұдан басқа, жеңіл көлікте отырған 10 жасар бала мен 55 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив