KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Бесқарағайда марафон-эстафета басталды

7.08.2012, 18:00 93


Бесқарағай ауданында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жастар акциясы басталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудан бойынша «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты марафон-эстафета ұйымдастырылып, Канонерка, Қарабас, Семияр тірек ауылдарында ауыл жастарының қатысуымен салтанатты жиындар өткізілді. Марафон-эстафетаның жасақтарына оқушылар мен студенттер, ауыл жастары қабылданып, топ басшылары тағайындалды. Бірінші кезеңде жасақтардың жұмыс жоспары анықталып, әр сенбі сайын аудан бойынша сенбіліктер өткізілді.

Биыл акцияны өткізу үшін облыстық бюджеттен 2 миллион теңге бөлінген болатын. Марафон-эстафетаға қатысушыларға 776 мың теңге ақшалай сыйлық беріліп, барлығы 17 гектар жер көгалдандырылып, тазаланды.

Бүгінгі таңда марафон-эстафетаның екінші кезеңі де аяқталды. Бұл акцияға 41 студент, 36 оқушы және жұмыссыз жастар жұмылдырылды.

Сонымен қатар, студенттік құрылыс жасақтарын тірек ауылдарды дамыту жұмыстарына, аудан жастарын «Жасыл ел» бағдарламасы аясындағы шараларға тарту да қарқынды түрде жүргізілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив