KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Винокуровтың жолын қуған жастар көп

6.08.2012, 18:00 99


Өскеменде «Қазақстан оқушысы - 2012» атты қырық үшінші республикалық веложарыс көпкүндігі жалғасуда.

Жарыстың мақсаты – аталмыш спорт түрінің мәртебесін асыра отырып, жас өрендер арасынан талантты спортшыларды анықтау, оларды ел құрамасына іріктеп алу.

Осынау веложарыс көп жыл қатарынан жалғасып келе жатса да Лондонда Олимпиада шыңын бағындырған Александр Винокуровтың ерлігі облыста өткен велобәйгеге тың серпін бергендей.

– Осыдан 25 жыл бұрын дәл осы «Қазақстан оқушысы» сайысынан Александр Винокуров ең алғашқы жүлдесіне қол жеткізген болатын, – дейді еліміздегі велоспорт федерациясының техникалық директоры Александр Антышев. – Ол кездегі веложарыс Алматыда өтті. Әлі есімде, таулы жердің жолдарымен мәреге қарай 12 велошабандоз топ жарып шықты. Мен мәредегі төрешілердің дайындығын тексеру үшін жылдамдатып көлікпен олардың алдына түстім, артыма қарасам, басқаларын оқ бойы озып, жұп-жұқа сары бала велосипедімен ызғытып келеді екен. Мен оған дауыс көтере айғайлап: «Әй, бала, шық жолдан! Жарысқа кедергі боласың!» десем, ол қолын көтеріп: «Мен бірінші келе жатырмын!» деп ентіге айғайлайды. Бұл – Саша Винокуров болатын. Республикалық бәйгеден озық көрінген Винокуров ол кезде өз қарсыластарынан бірнеше жас кіші еді.

Біздің облыстың тас жолдарымен еліміздің 129 балғын спортшысы бақтарын сынауда. Олардың жастары – 13 пен 18-дің аралығында. Астана, Алматы, Семей, Талдықорған, Шымкент, Қостанай қалаларынан және облыстардан келген Винокуровтың інілері қазір жарыс жолдарында.

Веложарыс жеті кезеңнен тұрады. Оның әрқайсысының өз жеңімпазы анықталады. Соңғы жарыс және велобәйгенің жабылуы 12-тамыз күні өтеді деп жоспарланған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив