KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Еңбек өнімділігі жөнінен Американың өзінен асып түсті

6.07.2012, 18:00 220


– Жерлестерімізге қуан-ышты хабар ретінде айтарымыз, ұжымымыз құс фабрикасын кеңейту және модернизациялау бойынша жобалық құны үш миллиард теңгеден астам ауқымды жобаны толықтай жүзеге асырды. Нәтижесінде жобалық қуатына толықтай қосылып, жылына 20 мың тонна құс етін өндіріп, өңдеуге қол жеткіздік. Тағы 200 жерлесіміз жұмыспен қамтылды, – дейді бізбен соңғы жаңалықтарын бөліскен Өскемен құс фабрикасының бас директоры Серік Толықпаев.

Жылына өңірде орташа есеппен алғанда сойылған салмақта 111–113 мың тонна ет өндіретін болса, соның 20 мың тоннасын бір ғана құс фабрикасы қамтамасыз етпек. Бұл дегеніміз облыс үшін тамаша жетістік екені даусыз. Өндірілген өнім еліміздің сегіз қаласына жөнелтілсе, оның ішінде Астана қаласында құс етінің сатылым көлемі айына 300 тоннаға дейін көтеріліп отыр.

Директордың мәлімдеуінше, жаңа технологиялық қондырғыларды жұмысқа қолдану бір жұмыскердің еңбек өнімділігін жылына 70 мың долларға дейін арттырған. Азуын айға білеген АҚШ-тың өзінде бұл көрсет-кіш 50-ден аспайтын көрінеді. Бұған жекелеген цехтарды аралау барысында толықтай көз жеткіздік.

Дегенмен, бұл жетістік-термен тоқталып қалуға болмас. Себебі, Қазақстан жылына 100 мың тоннадан астам құс етін өзге өңірлерден тасымалдайды. Сондықтан Өскемендік құс фабрикасы алдағы уақытта да ет өндіруді кеңейте бермек. Алматы облысында жылына 50 мың тонна ет өндіретін қуаттылықтағы фабрика салу жоспарлануда.

Бұл ретте Өскемен де жұрттан қалып жатқан жоқ. Самар трассасының бойында 150 түрлі шұжық өнімдері мен деликатестерін шығарумен айналысатын ет өңдейтін зауыттың құрылысы басталуда. 2013 жылдың қаңтарынан бастап алғашқы өнімдерін қала жұртшылығына ұсынбақ. Мақсат – өндірістік қуаты тәулігіне 30 тонна дайын өнім әзірлеу.

Фабрика ұжымы әлеуметтік жобаларды да назардан тыс қалдырмаған. Аталған бағдарлама аясында Қасым Қайсенов кентінде жасанды жамылғы төселген футбол алаңы бар заманауи стадион салынған. Шешек асуында «Шешек паркі» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Жобаға 150 миллион теңге қаржы бөлінбек. Белқарағай ауылында мешіт құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұдан басқа да бірқатар әлеуметтік жобалар бар.

Ұлан ауданының әкімі Серік Төленбергеновтің айтуынша, ауданда қолға алынған индустриялды жобалар қатары жетерлік. Қытайлық серіктестіктермен бірлесе отырып, мамандандырылған автомобильді және ауыл шаруашылық техникаларын шығаратын «СП КАЗ» ЖШС-сі құрылған. Техникалардың қатарында бетон тасығыш самосвалдар, эксковаторлар, автокрандар бар.

Аудан көлеміндегі тағы бір қызықты жоба. – Үміш асуына салынатын қуаты 24 мегаваттық 16 жел генераторларының құрылысы. «Спейн Консалтинг» фирмасы асудағы желдің «мінездеме-сін» толықтай зерделеп, оңды мәліметтерге қол жеткізген. Қазір қажетті қондырғыларды жеткізу кезеңі басталған. Аталған жел генераторын салушылар біздің өңірдің табиғи ерекшеліктерін де назардан шығармаған. Мәселен, желдің күші секундына 25 метрге жетсе, қондырғы автоматты түрде бейтарап қалыпқа көшеді.

Осынау жобалардың барлығы ауданда индустриялды жобалардың жоғары қарқынмен қолға алынғанын байқатады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив