KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Шығыс Қазақстан облысында мектептердің құрылысы қаңтарылып тұр

3.07.2012, 18:00 154


Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ төрағалық етуімен селекторлық режимдегі кеңейтілген аппарат кеңесі болып өтті. Онда бүгінгі күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелермен қатар Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Шығысқа жасаған жұмыс сапары кезінде аймақ басшылығына жүктеген міндеттері мен нақты тапсырмалары әңгіме арқауына айналды, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Сонымен қатар бұл жиында жақында ғана Өскемен қаласында Білім және ғылым министрлігінің мұрындық болуымен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың базасында елімізде тұңғыш ұйымдастырылған химия және биология пәндері мұғалімдерінің бірінші құрылтайы туралы да сөз болды.

Алдымен аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ Елбасының жұмыс сапарына тыңғылықты дайындалып, жауапты істі абыроймен атқарған барлық тиісті орындардың өкілдеріне, соның ішінде «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «КЭМОНТ» АҚ, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ сияқты кәсіп-орындардың басшыларына ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады. Мемлекет басшысының сапарын ақпараттық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз еткен «Қазақстан» РТРК облыстық филиалының директоры Арсений Дүйсенов облыс Әкімінің алғыс хатын алды.

Бұған қоса маңызы зор іс-шара – мұғалімдер құрылтайында белсенділік танытып, тапсырылған шаруаны жоғары деңгейде орындаған С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мейір Ескендіров, облыстық білім басқармасының бастығы Мәдениет Ахметова, халықаралық «Нұр Орда» қазақ-түрік мектебінің директоры Шабан Жөшкүн сынды білім саласының маңдайалды мамандары алғыс хаттарға ие болды.

Сонымен қатар Әкім өз сөзінде Елбасы ескерткен міндеттердің бірі деп өскемендік кәсіпорындарда өндірілетін тауарларды еліміздің ішкі және сыртқы нарығында кеңінен саудалауға қол жеткізу қажеттігін тілге тиек етті. Мәселен, «Өскемен арматура зауыты» шығаратын мұнай-газ саласы үшін ауадай қажет құрал-жабдықтары, «КЭМОНТ» АҚ өндіретін төменгі және орта кернеулі электр-техникалық қон-дырғылары өзімізде де, өзге мемлекеттерде де сұранысқа ие екені талассыз. Демек отандық ұлттық компаниялар осы кәсіпорындардың тауарларын сатып алулары керек. Бұл мәселемен айналысуды аймақ басшысы өзінің орынбасары Жомарт Мұратовқа жүктеді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив