KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскеменде химия мен биология пәндері мұғалімдерінің бірінші құрылтайы өтті

1.07.2012, 18:00 180


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен қойнауынан химияның атасы саналатын Менделеев құрастырған кестенің барлық элементтері табылатын Кенді Алтайда, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында «Мектептегі жаратылыстану ғылыми білім беру-XXI ғасырдағы қоғам, ғылым мен технология» тақырыбында химия мен биология пәндері мұғалімдерінің бірінші құрылтайы өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Үш күнге созылатын ұстаздар құрылтайына Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, министрлік департаменттері мен Ы.Алтынсарин атындағы білім беру академиясының, Ұлттық биотехнология орта-лығы біліктілікті арттыру институтының басшылары, еліміздің барлық облыстары-нан келген аталмыш пән ұстаздары, облыстық басқармалардың өкілдері мен жоғары оқу орындарының басшылары, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Моңғолия, Германия сияқты әлемнің әр елінен келген шетелдік ғалымдар қатысуда.

Құрылтайдың бірінші күні делегаттар дарынды балаларға арналған «Восток» орталық мектеп-кешенін, «Нұр Орда» халықаралық мектебін, мектепке дейінгі «Балапан» мекемесін, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжін аралап, өзара тәжірибе алмасты. Бұл білім ошақтарында қонақтар облыстың білім беру саласындағы тың бастамаларымен танысып, жетістіктеріне куә болды.

Кездесу барысында отандық ғалымдар шетелдік әріптестеріне бұдан өзге де мәселелер бойынша өздерін қызықтырған сауалдар қоюға мүмкіндік алды.
Жылы шырайда өткен кездесуді қорытындылаған Ермек Көшербаев құрылтайға қатысушылардың жұмысына сәттілік тілеп, Алтайға ат басын тірегендері үшін алғыс білдірді.

Астанадан келген білім саласының білгірлері мен барлық облыстардан бас қосқан биология, химия пә-нінің мамандары «Нұр Орда» халықаралық мектебіне ат басын бұрды.

Текке бұрған жоқ. Салмағы қара нарға жүк болатын екі тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Оның бірі «Жаратылыс-тану ғылымдарын оқытудағы педагог кадрлардың біліктілігін жетілдірудегі инновациялық потенциал» деп аталады. Келелі кеңестің тізгінін білім беру жүйесінің басшысы және ғылыми педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын республикалық институт директорының бірінші орынбасары Иса Самсаев ұстады.

Айтулы құрылтайдың ашылуы алдында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №5 оқу ғимаратында биология-химия пәндерін оқыту бойынша көрме өтті.

Көрмені құрылтайға келген 400-ден астам көрермен тамашалады. Мұның ішінде Президент Әкімшілігінің өкілдері мен Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, шетелдік ғалымдар, білім басқармаларының, білім беру ұйымдары мен ғылыми-әдістемелік орталықтардың басшылары, аталмыш пәндерден халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері де бар.

Семей, Павлодар, Ақтөбе, Алматы сынды оннан астам қалалардағы жоғары оқу орындарының осы пәндерге қатысты ұйымдастырылған көрмелері құ-рылтайға қатысушылардың қызығушылығын туғызды.

Басшының айтуынша, бұл үш мәселені орнықты шешу үшін біріншіден, мектептердің материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын нығайту, екіншіден, оқулықтар мен басқа да оқу құралдарын әзірлеу және үшіншіден, 12 жылдық білім беруге сай келетін педагогикалық кадрларды даярлау қажет.

Соңғы жылдары қазақстандық оқушылардың халық-аралық білім сайыстарында мәртебелері өсіп келеді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив