KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Астанаға Ресей мен Белоруссияның арзан еті кіріп кетті

12.06.2012, 18:00 206



Зайсанның мал шаруашылығында зеңгі-бабаның орны бөлек. Ауданда шаруасы шалқыған, ірі асыл тұқымды мал өсіретін төрт шаруа қожалығы бар. Соның бірі – Ербол Келгенбаев басшылық ететін «Нұр» шаруа қожалығы.

Заманауи техниканың барлық мүмкін-діктерін пайдаланып отырған бұл шаруа қожалығы 1500 басқа арналған мал бордақылау алаңын салып, 20 адамды жұ-мыспен қамтып отыр.

Өткен жылы 185 тонна ет өндіріп, 22 миллион 200 мың теңге субсидия алса, биыл да сол көрсеткіштен төмендемеуді жоспарлап отыр. Бірақ осы орайда айта кететін бір мәселе, былтыр мамыр айының ортасына дейін ол жоспарды орындап болса, биыл тура сол мезгілде семіртілген 775 бас малдың 200-і өтпей тұр.

Бұлай болудың себебін шаруа қожалы-ғының мамандары әртүрлі себептерден із-дейді.

– Еліміз кедендік одаққа кіргеннен кейін Астанаға Ресей мен Белоруссияның арзан еті кіріп кетті. Біздің апарған етіміз сол себепті өтпей жатыр, – дейді қожалықтың өкілі Ерназар Келгенбаев.

Бордақылау алаңында тұрған малдың алдына сегіз ай болыпты. Сонда жүрген азаматтар ай сайын тонналап жемшөп жейтін жануар осылай, уақытында өтпей тұра берсе, пайдасынан зияны асып кететінін айтады. Бірақ аудандық мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қайрат Кәрімовтің ойынша, жуық арада барлық мал сатылып кетуі тиіс.

Тек мал бордақылау ғана емес, оны өсірумен де айналысып жатқан «Нұр» шаруа қожалығында қазір 283 асыл тұқымды сиыр бар. Өткен жылы алынған субсидияға олар 100 қазақтың ақбас сиырын әкелсе, биыл тағы да 205 бас әкелмек. Оның бесеуі –бұқа.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив