KZ
Өскемен
переменная облачность жел 0,3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Өскеменде үздік химиктер мен биологтар бас қосады

31.05.2012, 18:00 113



Маусым айында республика мектептерінің химия және биология пәндерінің мұғалімдері Өскеменде бас қоспақ. Онда осы саланың 500-ден астам мамандарының «Мектептегі ғылыми-жаратылыстану білімі, ХХІ ғасыр қоғамы, ғылымы және технологиясы» атты кәсіби съезі өтеді деп жоспарлануда.

Кеше Өскеменде осы мәселеге орай облысымыздың ең үздік химия және биология пәндері мұғалімдерінің қатысуымен алқалы жиын өтті. Оған облыстық білім басқармасының бастығы М.Ахметова, Қазақ-Американ еркін университетінің ректоры Е.Мәмбетқазиев, облыстық мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институтының директоры С.Байхонова қатысып, келешектегі 12 жылдық оқытуға көшу кезеңінде мектептерде ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқытудың проблемаларын талқылады.

Конференцияға қатысушылар алдында баяндама жасаған М.Ахметова өзі жетекшілік ететін саланың бірқатар жетістіктері мен кемшіліктеріне нақты тоқталып өтті.

Баяндамашының айтуына қарағанда, әсіресе, соңғы екі жылда мектеп бітіруші тү-лектердің 60 пайызы физика, химия, сондай-ақ, биология пәндеріне ерекше ден қойып, ҰБТ-да осы пәндерді таңдау үрдісінің күрт өскендігі байқалатын көрінеді. Мұның бірден-бір себебін соңғы жылдарда өңіріміздегі индустриялды экономика саласының қарқынды дамып келе жатқандығымен байланыстырған М.Ахметова облыс мектептерінде химия, биология пәндерін оқытуда шешімін таппаған көптеген мәселелер бар екендігін де жасырған жоқ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив