KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Білімі мен біліктілігі сарапқа түседі

22.05.2012, 18:00 118


Елбасының биылғы Жолдауында еліміздегі құқық қорғау органдары қызметкер-лерін кезектен тыс аттестациядан өткізу міндеті қойылғаны белгілі. Талдау және болжау институтының баспасөз орталығында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен осы шараны өткізуге байланысты семинар болып өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Облыстық ішкі саясат басқармасының бас-тығы Ербол Нұрғалиев Мемлекет басшысы жүктеген міндеттің маңыздылығына кеңінен тоқталды. Облыстық ішкі істер департамен-ті кадрлар басқармасы бастығының орын-басары, полиция полковнигі Ержан Рамазанов аттестация Ішкі істер министрлігі бойынша 21-мамырдан басталатындығын, онда кәсіби шеберлікпен қатар, негізгі төрт заңды білу міндеті тұрғанын, сонымен бірге полицейлер ойлау қабілетіне арналған және психологиялық сұрақтардан сынға түсетінін атап өтті.

– Сынақтан декреттік демалыстағылар ғана босатылады, ал облыс бойынша жиыны 5 мыңға жуық полицей аттестацияға қаты-сады. Олардың біліктілігін сараптайтын комиссия құрамында әкімдік қызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП-ның, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болады, – деді ол.

Облыстық төтенше жағдайлар департа-менті баспасөз қызметінің бастығы Жанболат Бұтабаевтың айтуынша, сала мамандары «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Мемлекеттік қызмет», «Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі», «Қазақстан Республикасы-ның Конституциясы» сынды төрт заңды жетік білулері тиіс. Бүгінгі таңда аттестациялауға жататын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрамының тізімі анықталып, ор-талық және аймақтық аттестациялық комис-сияларға тапсырылған. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кіші басшылық құрамы үшін әрбір нор-мативтік-құқықтық акті бойынша 40 пайыз-дан кем емес шектік көрсеткіш, ал орта басшылық құрам мен басшылық үшін 70 пайыз-дан кем емес шектік көрсеткіш бекітілген. Аттестацияға Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің 157 қызметкері және «Өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмысы» ММ-де істейтін екі мың адам кірген.

Ал кедендік бақылау департаментінің баспасөз маманы Мақсат Әкрамов:

– Қазір 57 қызметкер дайындық үстінде. Айта кетерлігі, кеден саласы бойынша тек негізгі мамандар ғана аттестациядан өтеді. Ал ішкі жұмыстағы қызметкерлердің 87 пайызы форма киюден босатылады, – деді. Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті кадрлар бөлімінің бастығы Арайлым Мауытханованың мәліметінше, қаржы полициясынан да 220-дан астам қызметкер біліктіліктерін сынамақ.

– Бұл аттестация – құқық қорғау саласы кадрларының әлеуетін арттыруға негізделген. Маңызды шара жариялы түрде өтуі қажет, – деді облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Ербол Нұрғалиев.

Президент міндеттеген аттестацияның нәтижелері күзге жуық анықталады. Одан өте алмаған қызметкерлер атқарып жүрген лауазымдарынан екі лауазым төмендетілмек. Оған келіспегендер өз еркімен құқық қорғау сала-сынан шеттетілетін болады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив