KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Әдемі гүлзарлар мектеп ауласына кереметтей көрік беріп тұр

21.05.2012, 18:00 128


Соңғы жылдары елімізде табиғатты қорғау шараларына көп көңіл бөлініп, әр аймақтың табиғи ерекшелігін сақтап қалуға үлкен мән берілуде. Бұл бағытта Мақаншы орта мектеп-бақшасы да бірқатар жұмыстар атқаруда. 2011-2012 оқу жылында мектебіміздің оқушылары ауылымыздағы «Балалар саябағына» 50 түп шырша, мектеп ауласьна 150 түп және мектеп бітірушілер аллеясына 600 түп көшет отырғызды.

Ел ішінде қоршаған ортаға қоқыс қалдықтарын тастау әдетке айналғаны жасырын емес. «Жастай берген тәрбие – жас шыбықты игендей» демекші, әр ата-ана мен мұғалім баланың санасына кішкене күнінен бастап қоқыстың зияны мен кесірі туралы сіңіріп отыруы керек. Мәселен, бізде апта сайын болатын сенбіліктер оң әсерін тигізуде. Күнделікті тұрмыста қажетсіз болып қалған қалдықтар мен көліктердің дөңгелектерін іске жарата білетін оқушылардың шебер қолдарымен жасалған, қиялдарынан туын-даған хайуанаттар, әдемі гүлзарлар бүгінде мектеп ауласына кереметтей көрік беріп тұр.

Біздің мұғалімдер осындай игі істер арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берумен қатар, эстетикалық еңбекке баулып, шығармашылық қабілеттерін қоса дамытуда. Жоспарға сәйкес, осы бағыттарда жыл бойы небір іс-шаралар өткізіліп отырылады. Тағы да осы үрдістегі «Гүлденген Қазақстан» акциясы, «Парктер шеруі», «Жасыл желек – жанға сая», «Менің туған жерім» сайыстары мен тәрбие сағаттары, диспуттар мен көрмелер оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін оятуда. Сонымен қатар оқушылардан құралған «Жас эколог» тобы мектеп ауласына әртүрлі гүлдер отырғызып, ол өскіндерді жаз бойы күтіп-баптауды әдетке айналдырған.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив