KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Бозанбай ауылы назардан тыс қалмайды

21.05.2012, 18:00 150


Бозанбайға жол тартқан жұмыс тобы ауылдық Мәдениет үйінде жұртшылықпен кездесті. Кездесу барысында аймақ басшысы шетелден келген қандастарымыз мейлінше мол шоғырланған Бозанбай ауылының келешегі жарқын екенін қадап айтты.

– Біз бұрын аудан орталығы болған елді мекендердің қай-қайсысын да назардан тыс қалдырмаймыз. Оларға қолдан келгенше қолдау көрсетіп, бұрынғы тыныс-тіршілігін сақтап қалуға күш салатын боламыз, – деген облыс Әкімі мұндағы кезінде компартияның кеңсесі болған ғимарат қалпына келтірілетінін, ескі емхана ғимаратын қалыпқа келтіру үшін 475 млн. теңге бөлінгенін айтты. Мұнда 80 орындық психоневрологиялық науқастарды емдеу орталығы ашылып, нәтижесінде 90-нан астам жаңа жұмыс орындары пайда болмақ. Қажет болған жағдайда 20 төсектік емхана жұмысын жандандыру мүкіндіктері де қарастырылмақ.

Бозанбай ауылы ауданның тірек ауылына жатқызылған. Бұл бағытта ауылды қалпына келтіріп, көріктендіру үшін 70 милионнан астам қаржы бөлінген. Бұл қаржы ауылдың жолын жөндеп, көшелерді жарықтандыру мен абаттандыруға, ауызсу және кәріз жүйесін жаңартуға жұмсалатын болады.

Қызылсу, Мирное, Смолянка, Төменгі Тайынты елді мекендерінен Бозанбайға қоныс аударғысы келгендерге де «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша қолдау көрсетілетіні де ескертілді. Бұл елді мекендерде тұратын 190 адамның 61-і өзін-өзі жұмыспен қамтушылар екен. Бозанбай, Егінсу, Аблакетка ауылдық округтерінің тұрғындары да мал ұрлығына тосқауыл болмай тұрғанын жеткізді. Мәселен, «Қуандық» шаруа қожалығының жетекшісі өзінен жоғалған жылқыны бұрынғы ішкі істер саласының қызметкері ұрлап, ұсталғанымен, бүгінде жазадан сытылып кеткенін айтты. Бұл сауалға Рашид Жакупов толымды жауап берді.

Бұрынғы аудан орталығының кетеуі кетіп, ажары қашқанымен, базары тарқамаған. Базардың тарқамауына арқау болып отырған көшіп келуші ағайындардың да шешілмей жатқан мәселелері жетерлік екен. Бірі азаматтығын, бірі квотасын ала алмай жүргендерін айтады. Солардың бірі Зейнелхан Ахметбектің өзіне тиесілі ақшаның соңынан жүгіргеніне жеті жыл болыпты.

Жанымхан есімді жалғызбасты ана мемлекет берген баспанасы құлап қалып, өз күштерімен жөндегенін, бүгінде жарықсыз отырғандарын айта келіпті. Бұл сауалға «Үйдің не себепті құлағаны, жарықтың неліктен болмауы зерделеніп барып, соның қорытындысы бойынша шешім шығарылып, көмек көрсетіледі» деген жауап айтылды.

Баспана мәселесі байырғы тұрғындарға да таңсық емес көрінеді. Аудан орталығынан салынатын 80 пәтерлік үйден дәметушілер бұл жерден де табылды. Облыс Әкімі 80 пәтерлік үйге Ұланның 40 мың халқын сыйғызу мүмкін емес екенін ескертті.

Өзін «тоғанастық Маратпын» деп та-ныстырған азамат орман шаруашылығымен арадағы жер дауы шаруа қожалығын ашуға мүмкіндік бермей отырғанын ашына айтты. Бұл мәселені шешу жөнінде ауданның прокурорына тапсырма берілді.

Тоғанастықтарды көпір мәселесі де тығырыққа тіреп, сыртқа қатынау қиындық туғызып отырса керек. Жалпы, Ұлан ауданы бойынша Тоғанастан бөлек Төменгі Тайынты, Мамай батыр, Асубұлақ елді мекендерінде көпірге қатысты қордаланған мәселелер бары анықталды.

– Бұл жергілікті әкімдіктің кінәсі. Дер кезінде мәселе көтерілмегеннен кейін туындап отыр. Мәселе уақытында қойылса, құжаты дайын болар еді. Қазір құжатсыз қаржы бөле алмаймыз. Аудан әкімі бұл мәселені бақылауға алуы керек. Құжаты дайын болғанда қаржы бөлу мәселесін қараймыз, – деді аймақ басшысы.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив