KZ
Өскемен
-2°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Әлемнің жаңа банкноталары ішінен Қазақстан банкнотасы жеңімпаз атанды

16.05.2012, 18:00 139


Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап естелік ретінде шығарылған 10 000 теңгелік банкнота Халықаралық банкноталық қоғамдастықтың (IBNS) байқауында "2011 жылдың үздік банкнотасы" ретінде танылды.

"Халықаралық банкноталық қоғамдастық әлемнің бірнеше ондаған жаңа банкнотасы ішінен Қазақстан банкнотасын жеңімпаз ретінде таныды, яғни купюра дизайны, идеологиясы, техникалық орындалуы мен қорғалуы үздік ретінде танылды", делінген Қазақстан Ұлттық банкісінен таралған хабарламада.

Дизайнын Ұлттық банктің дизайнерлері әріптестері De La Rue компаниясымен бірлесіп шығарған. Банкнота Ұлттық банктің Банкнота фабрикасында шығарылған.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив