KZ
Өскемен
-2°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Ұланда салынып жатқан мектепте мигранттар анықталды

16.05.2012, 18:00 112


ШҚО ІІД көші-қон полициясы «Келімсек-2012» жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында Ұлан ауданының Қайсенов кентінде елімізге заңсыз келген Өзбекстан тұрғындарын анықтады, деп хабарлайды ШҚО ІІД-не сілтеме жасаған Altaynews.kz тілшісі.

Анықталғандай, 7 мигрант өздерінің жеке істері бойынша «Жібек Жолы» өткізу-бақылау қосыны арқылы 2 мамырда Өскемен қаласына келген. Сосын олар орта мектептің құрылысында жұмыс істеген.

Жұмыс беруші мен ұсталған мигранттар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады ШҚО ІІД.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив