KZ
Өскемен
-2°
небольшая облачность жел 1,1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Адам итті қауып алды

16.05.2012, 18:00 146


Мас америкалық қыз өзінің бульдогін тістеп алып, сол үшін сот алдында жауап беретін болды. АҚШ-тың Иллинойс штатының 19 жастағы тұрғыны Анализ Гарнер шешесімен жанжалдасу кезінде өзінің итін тістеп алыпты.

Сонымен қатар қыз шешесінің бетін де жаралап, бұған қоса тістеп алған. Төбелесті көршілер естіп, полицияға хабарлаған көрінеді. Иті мен шешесіне шабуыл жасаған Гарнерді полицейлер зорға тоқтатыпты.

Тексеру барысында ағылшын бульдогінің жонынан қыздың үш рет тістеп алғаны анықталған. Долы бойжеткеннің бұл әрекетін ит те жауапсыз қалдырмапты. Тарпа бас салған қызға ол да тісін басып үлгеріпті. Сондықтан да полиция қызметкерлері қызды алдымен ауруханаға алып барыпты. Артынша Гарнерге жануарларға қаталдық көрсеткені және күш қолданғаны үшін айып тағылыпты.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив