KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семей бизнес колледжінде республикалық семинар өтті

13.05.2012, 18:00 113


Cемей бизнес колледжінде облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде тәжірибеге бағытталған технологияны жүзеге асыру» деген тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Аталмыш семинардың мақсаты – 2011 – 2020 жылдардағы білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға орай еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру саласын жаңарту, жаңғырту.

Семинар барысында түрлі тақырыптар бойынша баяндамалар жасалып, колледждің іс-тәжірибесі нақты және айшықты мысалдармен көрсетілді. Колледжде оқу орнын бітірушілерді жұмысқа орналас-тыруға баса көңіл бөлініп отыр екен. Мұндағы түлектердің 80 пайызы жұмыспен қамтылатын көрінеді. Семинар барысында «Жас қанат» оқу имитациялық мекемесінің тұсаукесері өтті. Олардың тың қадамдары мен бастамаларына қатысушылар табыс-тар мен жетістіктер тіледі. Колледж алдағы уақыттарда холдинг арқылы жастарды еңбек нарығына бейімдеуді жетілдірмек.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив