KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Үздік жасақтар Жеңіс шеруіне қатысады

3.05.2012, 18:00 159


Бүгін Өскемен қаласында ҚР Қарулы күштерінің 20 жылдығына арналған жас әскерилер жасақтарының қалалық байқауы басталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Республика алаңында қаланың барлық 45 мектебінің 7-8 сыныптарында білім алатын 1125 оқушы сап түзеді.

Бұл жас әскерилердің сегізінші қалалық байқауы. Балалар ең үздік саптық қадам, ең үздік орындалған саптық ән және тағы басқа кезеңдер бойынша жарысқа түседі.

Бас жүлде мен бірінші орын иегерлері 9 мамыр күні осы Республика алаңында өтетін Жеңіс шеруіне қатысу құрметіне ие болады.

Қазылар алқасы үздік жасақты басты ерекшеліктер: саптық дайындық, әскери форма, колоннаның сапта тізілуі және т.б. бойынша бағалайды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив