KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

"Бәйтеректе" шекілдеуік шаққаны үшін екі күнге қамалды

3.05.2012, 18:00 163


Қоғамдық орындарда темекі тұқылы мен шекілдеуік қабығын жерге шашқан адамдарға бұдан былай 16 мың теңгеге дейін айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамалатын болды, деп хабарлайды Шемонайха ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Altaynews.kz тілшісі.

Әкімшілік жазаның бұл жаңа түрі азаматтардың, оның ішінде жастардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауы үшін тағайындалған.

Мәселен, қоғамдық орынға тұрмыстық қалдық төккен Шемонайха ауданының тұрғынына 16 180 теңге айыппұл салынды. Ал осы ауданның тағы бір тұрғыны «Бәйтерек» саябағында шекілдеуік шағып, қалдығын жерге шашқаны үшін екі тәулікке қамалды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив