KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 2 м/с, ОБ
479.23 534.96 5.16

Биыл Қазақстаннан қажылыққа 5 мың адам барады

2.05.2012, 18:00 248


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Сауд Арабиясы Корольдігінің қажылық істері жөніндегі министрі Бандар бин Мұхаммед Хажардың шақыруымен Мекке, Жидда және Мадина қалаларында болып, министрліктің түрлі деңгейдегі басшыларымен кездесіп, келіссөздер жүргізді, деп жарияланған ҚМДБ сайтында.

ҚазАқпараттың мәліметінше, өткен жылы Қазақстанның 4097 азаматы қажылық парызын өтеген. Корольдік Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылықты ұйымдастыру ісіне оң баға бере келе, алдағы 2012 жылы да осы істе биік деңгейде бола беруіне тілектестік білдірді. Келіссөз барысында еліміздің діни басқармасы үстіміздегі жылы Корольдіктің Қазақстаннан қажылыққа 5 мың кісіні қабылдайтыны жайлы келісімшартқа қол жеткізді.

Биылғы жылғы құрбан айт 25 қазанда өтетін болады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив