KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Он жеті жасымда келіп едім

23.04.2012, 18:00 325


Біздің ауылда Қабен деген қария өмір сүрді. Ескіше де, жаңаша да оқыған, сауатты, көрген-түйгені мол адам еді. Қалжыңға да шебер болатын, бір айыбы - өтірікті тым көп айтатын. Сондықтан ол айтыпты деген сөзге сырын білетін адамдар илана бермейтін.
Бір жылы ауылға басқа жақтан жас маман, мал дәрігері болып Майдан деген жас жігіт көшіп келді. Ол кезде Қабен атамыздың жетпістен асып кеткен кезі. Бірде әлгі жігіт Қабекеңмен әңгімелесіп отырып:
- Ата, осы Күршім өзенінің бойында тау сарымсағы өседі дейді ғой, рас па? – деп сұрапты.
- Рас, - деп жауап береді қария, - мен оның әгірөт (огород) болып өсетін жерін білемін.
- Барсақ қайтеді?
- Барайық!
Содан екеуі ветврачтың екі атын ерттеп мініп, азық, сусындарын алып жүріп кетеді. Межелі жерге жеткен соң сай-саланы ары шарлайды, бері шарлайды, бір түп те сарымсақ табылмайды.
- Өй, ата, - деген екен бір кезде әбден шаршаған Майдан, - әлгі әгірөтіңіз қайда?
- Келмегелі көп болып еді, ұмытыңқырап қалыппын, - деп сырғақтата жауап береді қария.
- Соңғы рет қашан келіп едіңіз?
- Он жеті жасымда әкеме еріп келіп едім...




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив