KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1,5 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Рухани мұра - оқырман олжасы

16.04.2012, 18:00 151



Еліміздің рухани мұра қазынасы «Алтай – Ертіс кітапханасы» жаңа кітап сериясымен толықты. Шығысқазақстандықтардың 20 томдық кітабы – бұл серияның алғашқы басылымдары. Оның тұсаукесері 17-сәуір күні сағ. 15.00-де Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтеді.

«Алтай-Ертіс кітапханасы» – елдегі әдебиет саласының алғашқы көлемді өңірлік жобасы. Топтаманың алғы сөзін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Рухани мұра – оқырман олжасы» деп атаған. Бұл сөздер «Алтай – Ертіс кітапханасы» жобасының мақсатын айқындай түседі, яғни, шығысқазақстандық ғылым, білім, мәдениет қайраткерлерінің рухани мұрасын өскелең ұрпаққа табыс ету.

20 том, 20 жазушы есімі – тек жерлестердің ғана емес, бүкіл қазақ халқының мақтанышы. Топтама қазақ әдебиетінің кемеңгері, ұлы Абай Құнанбаевтың шығармалар жинағымен бастау алған. Сондай-ақ, «Алтай-Ертіс кітапханасының» бірінші топтамасына Ш.Әбенов, С.Қасқабасов, Қ.Ысқақов, Қ.Жұмаділов, Н.Айтұлы, Ш.Бейсенова, К.Юсупов, Ә.Асқаров, Т.Жұртбай, С.Оразалы сынды қаламгерлер шығармалары енген. Аталған серия «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен атқарылған игілікті іс және Тәуелсіздіктің 20 жылдығы құрметіне тарту болды

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив