KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, В
479.23 534.96 5.16

ЮРИЙ НИКУЛИННІҢ ЦИРКІ ӨСКЕМЕНДЕ

12.04.2012, 18:00 117


Өскемен қаласында Мәскеу қаласынан келген «Аңызға айналған Никулиннің циркі» өз жұмысын бастады. Осы орайда, цирктің келу сапары жайлы цирк директоры Максим Никулин, ұйымдастырушы Ирина Зайцева және Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омардың қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті.

Максим Никулиннің айтуынша, «Ресей Федерациясындағы цирктер арасындағы тізімде «Никулиннің аңызға айналған циркі» төртінші орында тұр.Осы гастрольдік сапар барысында цирк құрамында 25 адам келіп отыр. Олардың барлығы өз жұмыстарының мамандары. Себебі, циркте әр түрлі қимылдарды жасау, жыртқыш аңдар және үй жануарларымен жұмыс істеу әрбір адамның қолынан келе бермейді. Осы жолғы қойылымда Илья атты арыстан, Август және Лола атты жолбарыстар, есек, маймыл, пони өз өнерлерін көрсетеді.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив