KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Қылмыстық іс қозғалды

8.04.2012, 18:00 131


Облыстық кедендік бақылау департаменті контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Ауыл» кеден бекеті арқылы елімізге жалған құжаттармен өтпек болған 2004 жылы шығарылған «HONDA ACCORD» маркалы көлікті анықтады.

Сараптама қорытындысына сәйкес көлік құралының зауыттан шығарылғандағы нөмірі кесіліп алынып, оның орнына басқа нөмірі бар металл пластинка жапсырылған. Шанақ нөмірін қайта алуы себепті, алғашқы нөмірі мен шығарылған жылын анықтау мүмкін болмады.

Облыстық кедендік бақылау департаменті кедендік кірістер басқармасының есебі бойынша автокөліктің кедендік құны 1 млн. 813 мың 50 теңгені, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы 470 мың 605,98 теңгені құрады. Қазірде бұл оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 209-бабы 1-бөлімінде көрсетілген экономикалық контрабанда-қылмыстық белгілеріне сәйкес (жалған құжаттарды пайдалану арқылы заңсыз ірі мөлшерде та-уарлар мен басқа да заттарды өткізу) қылмыстық іс қозғалған.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив