KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Алғашқы жылқылар Қазақстанды мекендеген

5.04.2012, 18:00 120


Алғашқы жылқылар осыдан бес мың жыл бұрын қазақ даласын мекендеген. Берел қорымынан табылған жылқылардың саны 90-ға жетіп отыр. Алтайда ежелгі көшпенділердің үлкен мәдениеті болған.

Бұл туралы «Ұлы Дала қырандары» республикалық қозғалысы ұйымдастырған «Дөңгелек үстел» отырысында белгілі археолог-ғалым Зейнолла Самашев айтты. Жиын басында қозғалыстың тең төрағасы, белгілі атбегі, жылқы жанашыры Сәдібек Түгел алғашқы жылқылар мекендеген «Ботай» мен «Берел» қорымдарынан табылған құнды жәдігерлердің ұлттық рух пен ұлы дала ат ойындарын дамытудағы ерекше маңыздылығын айта келіп, қазба жұмыстары барысында осы құндылықтарды тапқан екі атақты ғалым – Зейнолла Самешев пен Зай берт Виктор Федеровичтің кеудесіне «Ұлы Дала қырандары» қозғалысының атынан медаль тақты. Сонымен қатар, «Құлагер-Қазанат» атты Ұлы Дала даңқына арналған мұражай құрылысын салу жайы да сөз болды. Қозғалыс жетекшілері 1876 жылдан кейін бірінші рет тура жолмен 45 шақырымдық «Құлагер-Аламан» тұлпарлар жарысын өткізуді ұйымдастырмақ. Тұлпар мініп, ту ұстаған бабаларымыздың жан серігіне айналған сәйгүліктерге арнап «Қазанат» деректі фильмі жарыққа шыққанын жеткізді.

Зейнолла САМАШЕВ, АРХЕОЛОГ-ҒАЛЫМ:
- Осы тарихи құндылықтардың бәрін тек қана айтып қана қоймай, оны көрсетіп, басқа жерде дәріптеп, осы үлкен тарихи мұраның технологиялық жағын, тарихи жетістіктердің Қазақ халқы солардың тікелей мұрагері екенін көрсету. Тарихшылардың алдында, қоғам қайраткерлерінің алдында, осы мал шаруашылығымен айналысып жүрген адамдардың барлығының үлкен міндеттерінің бірі.

Мәлiметтiң көзi: "Хабар" агенттігі




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив