KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТҮЛЕГІ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

2.04.2012, 18:00 165


Үміт облыстағы «Мейірім» ізгілік акциясына ерекше ілтипатпен қатысқан Семейдегі бір құрылыс компаниясының директоры Ағиша Қамалованың қолынан бір бөлмелі пәтердің кілтін алу бақытына ие болды.

Семей қаласындағы балалар үйінің түлегі Үміт Қаршығанова әлі күнге дейін өз баспанасы бар болғанына сенер-сенбесін білмеуде. Болашағына жоспар құрып, достарымен кездесіп, көптен күткен бақытына қол жеткізуге мүмкіндік алды. Үміт Қаршығанова -аналары перзентханадан-ақ бас тарқан сәбилердің бірі.

. Сабақ үлгерімі жақсы бойжеткен балалар үйінде түрлі шығармашылық үйірмелерге баратын: би билеп, сурет салып қана қоймай, іс тіккенді де ұнататын. Өткен жылы ҰБТ-ді сәтті тапсырып, №8 балалар үйінің тәлімгері Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің "Сурет әрі сызу" мамандығына тегін оқуға түсті. Осы күнге дейін студенттер жатақханасында өмір сүріп келді. Енді оның өмірі түбегейлі өзгерді. Ортақ төсекте өмір бойы ұйықтап келген жетім қыз енді өзінің үйіне қол жеткізіп отыр.
.
ШҚО Білім басқармасының бастығы Мәдениет Ахметованың айтуынша, 2011 жылы ШҚО әкімінің бастамасымен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған үздіксіз кешенді бағдарлама ойластырылған. Жоба мақсаты балалар үйінің түлектеріне өз баспанасын алуға көмектесу. Сол мақсатта патронатты ұйымдарда осындай бағдарлама қабылданған болатын.

Қазір ШҚО-да 600 патронатты ұйым жұмыс жасауда. Олардың қатарында білім ордалары, медицина орталықтары, банк, жеке кәсіпкерлер және үлкен мекемелер бар. Олар "Тұрғын үй жинақ банкінде" есепшот ашып, өз қарамағындағы балаларға баспана алуға қаражат жинауда. Балалар білім алған бірнеше жыл ішінде ақша жинала береді. Білім алғандығы жөнінде дипломмен қоса түлектер пәтер кілтіне де ие болады. Ал Үміт Қаршығанова үй иесінің тірлігіне кірісіп те кетті.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив