KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Қамқорлық пен мейірімді ту еткен

29.03.2012, 18:00 122


Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен 1992 жылдың наурыз айында құрылған «Бөбек» балалар қайырымдылық қорына биыл 20 жыл толып отыр. Сара Алпысқызының «Бөбекті» құрудағы басты мақсаты панасыз өскен, ананың аялы алақанынан айырылған, жанұя жылуын көрмеген балаларға көмек қолын созу еді. Қор өзінің ең басты миссиясын орындады. Өмірін бала игілігіне арнаған Сара Алпысқызы мыңдаған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы бақытты балалықтың бесігіне бөлеп келеді. Қоғамда балалар мәселелеріне бетбұрыс анық байқала бастады. Қордың бастамасымен балаларды толыққанды қамқорлық пен тәрбие беретін «SOS Киндердорф» атты ауылдар, жасөспірімдер және «Үміт» үйлері қабылдай бастады.

«Бөбек» қорының алғашқы қайырымдылық акциясы – «Үміт пен шаттық ордасы» атты телемарафоны 1992 жылдың қазан айында өткізілсе, 1997 жылы «Бөбек» оқу-сауықтыру орталығы есігін айқара ашты. Ол кезде баланы қорғау проблемаларына ерекше назар бөлу қажет еді. 1995 жылы «Бөбек» қоры «Қазақстан кәсіпкерлерінің науқас сәбилерге көмегі» атты ең ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді.

Алғашқы он жылда қор негізінен балалар үйлері мен балалардың денсаулық сақтау мекемелеріне қайырымдылық көмек көрсеткен. Міне, 10 жылдан бері қор жетім студенттер мен аз қамтылған отбасылардың студенттеріне де әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.

Сара Алпысқызының назарынан жас ұрпақтың денсаулығы да тыс қалған емес. Мысалы, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында жыл бойы 200-ден аса бала 24 күн денсаулықтарын нығайтып, табиғатпен үйлесімді тынығып, білім алуда.
Осындай кең ауқымды тарихы бар «Бөбек» балалар қорының 20 жылдық мерейтойына орай, облыстық балалар құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен облыстың барлық білім беру ұйымдары мен балалар үйлерінде наурыз айында әр түрлі іс-шаралар өткізілді. Балалар алтын жүректі, ардақты ана Сара Алпысқызына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын жолдап, алғыстарын білдіруде.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив