KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Жаңа пәтерге ие болды

29.03.2012, 18:00 122


Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен 2012-2015 жылдар аралығында облысымыздағы асыраушысынан айырылған жетім балаларды жан-жақты қолдау үшін «Мейірім» акциясы қолға алынған болатын. Акция бойынша облыста кешенді жоба ретінде жұмыс істей бастады. Осыған орай Семей қаласындағы №8 балалар үйінің түлегі, Семей пединститутының студенті Үміт Қаршығанова бір бөлмелі пәтерге ие болды. Оған көмек қолын созып, пәтер кілтін табыстаған «Дегдар Құрылыс Корпорациясы» ЖШС-інің басшысы, кәсіпкер Ағиша Қамалова, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

- «Мейірім» акциясы бойынша мектеп бітірген, колледж және жоғарғы оқу орындарын бітірген жетім балалар қамқорлыққа алынады, - деді облыстық білім басқармасының бастығы Мәдениет Ахметова, - өйткені осындай балалардың баратын жерлері жоқ, олар көмекке зәру. Жетім балалардың ішінде пәтерге қол жеткізетіндердің саны өте аз. Бүгінде патронаттық отбасыларда балалар үйінің көптеген баласы қамқорлыққа алынған. Бір ғана Семей қаласы бойынша 45 бала 45 мектепке бекітіліп берілсе, тағы бір бала қалалық білім бөлімінің қарауында. Осы уақытқа дейін қаладағы мекемелердің барлық қызметкерлері өз қарамағындағы балалардыңның банктегі есепшотына бір күндік жалақыларын аударды. Бұл ақша баланың жасы 23-ке толғанға дейін сақталады. Егер сол уақта ол қаражат үй алуға жетсе, баспана сатып алуға көмектесеміз. Жетпеген жағдайда қалған ақшасын үкімет толтыратын болады. Ал мынадай кәсіпкер Ағиша Қамалова сияқты асыраушысынан айырылған балаға азаматтық танытып, пәтер сыйлау облысымызда тұңғыш рет орын алған оңды өзгеріс. Осындай бастама көтерген облыс басшысына көп рахмет.

Наурыздың жақсы күндерімен бірге келген қайырымдылық шараны семейліктер де жалғастырып, қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева түрлі-түсті теледидар сыйға тартты. Қоныс тойын тойлау барысында шашу шашылып, болашағынан көп үміт күттірер Үміттің жолына жақсы тілектер айтылды.

- Адамда арман аз ба, - деді кәсіпкер «Дегдар Құрылыс Корпорациясы» ЖШС-інің басшысы, кәсіпкер Ағиша Қамалова, - өмір бойы қызым болса деп армандаған едім.Ұлым ғана бар. Бірде балалар үйінің басшылығымен кездесу барысында бір қыз балаға қамқорлық жасағыс келетіндігін айттым. Топ қыздардың ішінен жақсы мінезімен көзге түскен Үміт қызымдай болып кетті. Сөйтіп оған пәтер сыйлауды ұйғардым.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив