KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Балалар үйінің тәрбиеленушісі баспаналы болды

25.03.2012, 18:00 137


Семей қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының 1 курс студенті Қаршығанова Үмітке салтанатты түрде 1 бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді, деп хабарлайды Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жетімін жылатпаған қазақ халқының кеңпейілдігін көрсетіп, осы бір игі бастамаға демеуші болған «Дегдар құрылыс» ЖШС директоры А.И.Қашанова деген азаматша болып отыр. Ол бүгін Семей қаласының Энергетик кентінен жаңа 1 бөлмелі пәтердің кілтін балалар үйінің тәрбиеленушісі Қаршығанова Үмітке өз қолымен табыс етті.

Салтанатты іс шараға Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері мен Семей қаласы әкімшілігінің өкілдері қатысып, пәтерге ие болушыны құттықтады.

Өз кезегінде Семей қаласы әкімінің орынбасары З.Р.Исабаева қала әкімінің атынан Үмітке жаңа пәтерге түрлі түсті теледидар мен тағы басқа сыйлықтарды табыс етті.

-Пәтерге ие болуыма демеуші болып отырған «Дегдар құрылыс» ЖШС директоры А.И.Қашанова ханымға, және қала әкімшілігіне алғысымды айтамын. Осындай балалар үйлерінен шыққандарға көңіл бөліп, үй беріп жатқандарына көп-көп рахмет! - дейді Ү. Қаршығанова.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив