KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Желтоқсан оқиғасына қатысты фильм жарыққа шықты

12.03.2012, 18:00 227


Ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» кітабының негізінде «Желтоқсанның асықпаған ақиқаты немесе бес комисия мүддесі» атты деректі фильм жарық көрді.

1986 жылғы Алматы қаласында болған Желтоқсан оқиғасының жұрт біле бермейтін, өз кезінде айтылмай қалған жұмбаққа толы сырларын бүкпесіз аша білген бұл деректі фильм маңызы мен мазмұны жағынан тарихымыздың қатпарлы беттерін ашу жолына қосылған сүбелі үлес деуге әбден болады.
Қазақ халқының 300 жыл бойына қалай ұлтсыздандырылғаны, халықты қолдан жасалған ашаршылық арқылы қыру, қазақ әліпбиінің он жылдың ішінде 2 рет өзгертілуі, соның арқасында ұлтты өзінің негізгі ата тарихынан ажырату секілді тарихымызда болған, бұған дейін айтылмаған зобалаң жағдайларды ашуда да фильмнің жұртқа берері мол.
Алаңға бейбіт түрде өздерінің ойын білдіруге жиналған қазақ жастарын негізсіз, себепсіз қорлаған және оларды тарату, жазалау үшін мейірім атауынан жұрдай, кілең жетім балалардан жасақталған топтың «Метель» операциясының қалай, қайтіп жүзеге асырылғаны туралы тың деректер бар.
DVD форматта шығарылған филімнің сапасы замануи талаптарға толығымен жауап беретін үлгіде.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив