KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Батыс Қазақстан облысында жасөспірімдер соты құрылмақ

8.03.2012, 18:00 219


БҚО-да жасөспірімдер соты құрылмақ. Облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышевтің сөзіне қарағанда, жаңа сотқа лайықты мекенжай, кадрлар құрамы анықталған.

Жасөспірімдер соты Орал қаласы, С.Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайында орналасқан БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратына жайғаспақ.

«Сот жүйесі және судья мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты биылғы шілдеден бастап барлық облыстық соттарда азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқалар құрылмақ. Оған дейін сот өндірісіндегі барлық істер бойынша арыз-шағымдарды бір апелляциялық алқа қарайды.

Кассациялық алқа қызметі өзгеріссіз қалды. Ал судьялардың тәртіптік іс-әрекеттерін 6 наурыздан бастап Жоғарғы сот жанындағы сот жюриі қарайды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив