KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Қазақстандық жас цирк өнерпаздары Испаниядан жүлдемен оралды

6.03.2012, 18:00 167


Қазақстандық жас цирк өнерпаздары Испаниядан жүлдемен оралды. Осымен бесінші рет ұйымдастырылған халықаралық цирк өнерінің фестивалінде жерлестеріміз 16 мемлекеттің ішінде әділқазыларды таңқалдырып, үшінші орынға қол жеткізген.

Спорт шеберлерінің қолынан ғана келетін нөмірді алматылық екі бойжеткен мен үш жігіттен тұратын шығармашылық топ мінсіз орындап шықты. «Ауыспалы саты» деп аталатын бұл әрекет ең күрделі цирк нөмірлерінің бірі. Оның ерекшелігі бойжеткендер өз әріптестерінің басында тепе-теңдікті сақтап тұруы қажет. Әрекет барысында екі жақты сатының бірінен көтерілген әртістер екінші жағынан түсуге міндетті. Төрт жылдық дайындықтан соң шетелдіктерді мойындатқан жас өнерпаздар фестивальдің қола жүлдесін елімізге тұңғыш болып алып келді. Алдағы уақытта Кубада өтетін келесі фестивальде өз мүмкіндіктерін тағы сынап көруге бел буған.

ktk.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив