KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Тауық бұрын пайда болды ма, әлде жұмыртқа ма?

5.03.2012, 18:00 153


Әлмисақтан бері тауық бұрын пайда болды ма, әлде жұмыртқа бұрын ба деген сұрақ ғалымды да, философты да, қарапайым адамды да мазалап келе жатқаны жасырын емес.

Алайда бұл сұрақтың жауабын әлі ешкім таба алған жоқ. Дегенмен, жуырда ғана генетик-ғалым, философия майталманы және құс фермасының қожайыны - үш саланың өкілі бірігіп, бұл сұрақтың жауабын тауыпты. Олардың шешімі бойынша, дүниеде бірінші болып жұмыртқа пайда болыпты. Ноттингем университетінің эволюциялық генетика маманы Джон Брукфилдтің айтуынша, жануардың гендік құраушысы өмір сүру барысында еш өзгеріссіз қалады. Бұдан шығатыны, қазір біздің тауық деп жүрген құсымызға айналған ең алғашқы құс алдымен жұмыртқаның ішінде эмбрион түрінде болған. Өйткені жұмыртқа ішіндегі тірі ағзаның ДНК-сы сол жұмыртқаны жарып шыққан құстың ДНК-сымен бірдей құрылымда. Осы тұжырымдарды зерттей келе, ол эволюциялық мағына бойынша алдымен жұмыртқа болды деген шешімге келген.

Бұл пікірмен Лондон колледжінің профессор-философы Дэвид Папино мен құс фермасының иесі Чарльз Боурнс та келіскен. Дэвид Папино бұл сұраққа бас қатырмай былай ғана жауап берген: ең алғашқы балапан жұмыртқадан шыққан, яғни жұмыртқа балапаннан бұрын пайда болды деген сөз.

Алайда философ ең алғашқы жұмыртқаның қайдан пайда болғанына ешқандай жауап бермеген.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив