KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Алқалы жұрты ақынын ардақтады

5.03.2012, 18:00 189


Аудандық «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» мәдениет үйінде аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жергілікті ақын, «Дария ғұмыр» өлеңдер жинағының авторы Оразымбай Желбеубаевпен «Өмірі өлеңмен өрленген» деген тақырыпта оқырмандармен кездесу кеші болып өтті.

Ақынның өмірімен жиналған қауымды мектеп оқушысы Еркежан Абзоллина таныстырды. Сахна төріне шыққан «Ұлағат» тәрбие клубының бір топ шәкірттері оқырмандарға ақынның табиғат, туған жерге арналған өлеңдерін оқыса, Абзал Ақтеміров, Бахтияр Гусейнов, Елдос Жақсылықов әннен шашу шашты.
Кездесуде ақын ағамыздың өлең-жырларын сүйіп оқитын оқырмандарға да сөз кезегі берілді. Кешті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жанатбек Аманбаев қорытындылады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив