KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Алдағы 100 жылдың ішінде 900-ге тарта құс түрі жойылуы мүмкін

5.03.2012, 18:00 153


Жер үсті климатының 3,5 градусқа жылынуы 2100 жылы 600-ден 900-ге дейінгі құстардың түрі жойылуына әкеп соғуы мүмкін.

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, 21-ғасырдың соңына қарай Жердің орташа температурасы 1,8 градусқа, ал тіпті нашарлаған жағдайда - 4,6 градусқа жылынуы мүмкін. Зерттеулерді Юта университетінің Чаган Шакериоглу бастаған халықаралық ғалымдар тобы жүргзген.

«Егер Жер үстінің температурасы жылынуы 2100 жылы 3,5 градусқа жетсе, 600-ден 900-ға дейінгі құстар түрі жойылады. Оларың 89 пайызы тропикалық аймақта өсіп-өнген. Сондай-ақ егер ғаламшар әрбір бір градусқа одан әрі жылынатын болса, тағы да 100-ден 500-ге дейінгі құстар түрі жер бетінен өшеді», делінген хабарламада. Оның себебі, олар өмір сүретін ортаның жоғалуынан болады. Мәселен тропикалық құстардың өмір сүретін жерінің 92 пайызы температура жылынуынан өзінің тепе-теңдігін жоғалтады. Олардың көпшілігі бүгінде әлі құрып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілмеген. Ғалымдар әсіресе биік таулы және жағалаулардағы бірегей климаттық аймақта өмір сүріп жатқан құстар осындай зобалаңға алдымен тап болмақ, деп санайды. Мәселен Кариб теңізіндегі Касумель аралы мен австралиялық Рождество аралында жұмыртқа басатын Олуша Аббота деп аталатын сирек теңіз құсы мүлдем жоғалуы ықтимал.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив