KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

«Қолжетімді баспана» мембағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар үшін 1 ш.м. баспана құрылысының құны 70 мың теңге деңгейінде белгіленді

5.03.2012, 18:00 109


«Қолжетімді баспана» мембағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар үшін 1 ш.м. баспана құрылысының құны 70 мың теңге деңгейінде белгіленді. Бүгін Астанада ҚР Құрылыс және ТКШ істері агенттігінің төрағасы Серік Нөкин Қазақстан үкіметінде таныстырылған «Қолжетімді баспана» бағдарламасының тармақтарын түсіндіру кезінде мәлім етті.


Жалға берілетін баспана құрылысы мәселесіне тоқталып өткен С.Нөкин аталған құрылыс жұмыстары республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге қаражат құю есебінен жүзеге асатынын хабардар етті. Оған сәйкес жергілікті атқару органдары баспана құрылысын кезекте тұрғандардың келесі санаттары бойынша ұйымдастырады: ҰОС ардагерлері мен мүгедектері, халықтың әлеуметтік-осал тұсы (2 санат), мемқызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер, жалғыз ғана үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар.

Қазіргі уақытта кезекте тұрғандар үшін 1 ш.м. баспана құрылысының құны 70 мың теңге деңгейінде белгіленіп отыр.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив