KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

«Кептеліс» дәмханасының жұмысы қызып тұр

29.02.2012, 18:00 127


Тель-Авивтің екі тұрғыны көлік кептелісін ұтымды пайдаланып, табысқа кенеліп жатыр. Олар ірі магистральда кептелісте тұрған жүргізушілерге арнап дәмхана ашты.
Тель-Авив орталығынан жаңадан ашылған дәмхана атына заты сай «Кептеліс» деп аталады. Оларға жарнаманың қажеті жоқ. Адамдар өздері-ақ келеді. Дәмхана мегаполис орталығындағы ең ірі магистральдің бойында тұр.

– Мына жігіттердің дәмханасы бізге жақсы болды. Осы жерге жеткенше асығамын. Мұнда ыстық кофе ішіп, жеңіл-желпі тамақ жеп адам болып қаласың, – дейді жүргізуші Ави Гешер.
Дәмхана ашылған күннен-ақ иелерінде дамыл жоқ. Тапсырыс берушілер өте көп. Үнемі осы жолмен жұмыс-
қа баратындарды кәсіпкерлер танып та алған. Дәмхана-ның ас мәзірі де қарапайым: шәй, кофе, сэндвич және таңғы газеттер.
Тапқыр кәсіпкерлердің жуық арада жұмыссыз қалмайтыны анық. Өйткені тіршілігі қайнап жатқан Тель-Авивте көлік кептелісі көбеймесе азаймайды. Мұны ескерген олар кәсібін дамытып, қаланың өзге көшелерінен де дәл осындай дәмхана ашуды жоспарлап жүр.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив