Облыс Әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының жаңадан тағайындалған бастығы-мен таныстырды. Бұған дейін Туризм және спорт министрлігінде спорт комитеті бастығының орынбасары қызметін атқарған Әбіл Бекетұлы Донбаев басқарма бастығы лауазымына тағайындалды.
Әбіл Бекетұлының бұл салада еңбек тәжірибесі бар. Алматы қалалық денешынықтыру және спорт басқармасында бөлім бастығы, Астана қалалық денешынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
Әбіл Донбаев 1979 жылы туған, Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт колледжінің, Х.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі. Дзюдодан, самбо мен қазақша күрестен Қазақстан Республикасының спорт шебері.