KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Ауырған жанға не нәрсе шипа болар?

23.02.2012, 18:00 195


Жасы елуден асқанда отыз жыл отасқан күйеуінен ажырасам деп, сірә, ойламаған. Алғашқы жылдары тәп-тәуір көңіл жарастырған жұбайлар жатақханада екі баласын сүйреп жүріп, біраз жыл тұрды. Сол кезеңдерде-ақ Жаңыл қаладағы аты дардай комбинатта пәленбай жыл жұмыс істесе де, бір бөлмелі пәтер ала алмаған күйеуінің жігерсіздігіне әбден таусылатын. Мың салсаң, бір баспайтын шабан ат сияқты, қанша жаныса да ел қатарлы тірлік етуге, тым болмаса ұмтылуға тырыспайтын Жанарбекке қолын бір сілтеп, өзі жұмысын жақсы істеуге тырысып бақты. Дәрігердің мардымсыз жалақысымен-ақ біраз ақша жинады. Балаларын елдің баласынан кем қылмай өсіруді ғана ойлап, қызының хореографиямен айналысуына, ұлының өзінің бала кезден бейімі бар математикамен тереңдеп шұғылдануына мүмкіндік жасап бақты. Обалы нешік, балалары мектепте де, кейін қызметке кіріскенде де ел алдында басын төменшіктет-
кен жоқ. Айсұлуы қазір Астанада
өнер колледжінде мұғалім, ал Қа-сымы «Болашақ» бағдарламасы-мен оқып келіп, Алматыдағы бір университетке қызметке орналас-ты. Бұл – әлдекімдер сияқты бала-ның бейнетін тартқан жан емес.
Бар өмірін шырғалаң қылған кезінде күндеп терезесінің түбінде тұрып, «маған тұрмысқа шықпа-саң, асылып өлемін» дейтін күйеуі – Жанарбек болғанын қайтер. Қырып ақша таппаса да, үйге әжептәуір табыс кіргізетін Жанарбек аяқ астынан араққа салынды. Алғашында демалыс күндері ішетін ол бара-бара жұмысқа шықпай, жатып ішетін болды. Күнде қызара бөртіп, аузынан арақ бұрқырап тұратын адамды қай жер жаратсын, аяғы жұмыссыз қалған ол бұл «қасірет-ке» шыдай алмай, ішкілікке мүлде салынып кете барды. Оның бұл тір-лігіне жаны ауырған Жаңыл жалынып та айтты, жылап та айтты, тіпті, әдетінде жоқ мінезге салып, ұрсып та көрген. Бірақ еш нәтиже шығара алмады.
Күнде басы ауырып тұратын Жанарбек бір күні Жаңыл шаршап-шалдығып жұмыстан келсе, үш еркекпен арақ ішіп отыр екен. Мұны көрісімен жалма-жан жиналған «достарын» іріккен күйеуі «мұның не?» деген бұған жұдырығын ала жөнелгені. Ендігі тірліктері талайлы болатынына еш күмән келтірмеген Жаңыл тағы бір күні үйіне келсе, араққа ақша таппаған күйеуі мұның үйдегі бар біркиерін сатып жіберіпті. Бұдан әріге шыдамаған Жаңыл ың-шыңсыз үйді бөлді де, Жанарбекпен заң жүзінде ажырасып тынды.
Бірақ бөлек кеткендеріне ай жарым болса да, жасы елудің бесеуіне келген күйеуін аяйды-ақ. Тағдырына налиды. «Атың өшкір» деп, арақты жазғырады. Амал не... Сынған ыдыс сынды, тірлігі енді қайтып орнына келер ме...

Ғафура Сәрсенбайқызы

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив